«Қобыланды батыр» жырын жатқа оқыған оқушы 1 миллион теңге ұтып ала алады

«Қобыланды батыр» жырын жатқа  оқыған оқушы 1 миллион теңге  ұтып ала алады

Қазақстанда мектеп оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты байқау өтеді. Негізгі мақсат - жастарды «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырлары сынды xалқымыздың бай мұрасы негізінде тәрбиелеу.

  Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылады. Осы жолы «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айту қажет. Байқауға республика бойынша 5 000 мектептен 50 000 оқушы қатысады деген жоспар бар. Әр мектептен 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы және 10-шы сыныптан 2 оқушы) қатыса алады. Жоба үш кезеңнен - аудандық, облыстық және республикалық іріктеуден тұрады. Аудандық кезеңде 1-ші орын үшін 150 000 теңге, 2-ші орын - 100 000 теңге, 3-ші орынға 50 000 теңге қарастырылған. Ал облыстық кезеңде 1-ші орын үшін 1 000 000 теңге, 2-ші орын - 600 000 теңге, 3-ші орын алғандарға 300 000 теңге табысталады. Қазіргі кезде республикалық іріктеудің қаржылай қоры пысықталып жатыр. Жобаның аясында 50 000 мектеп оқушысы 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын толық жаттаса, аталған көрсеткішті Гиннес рекордтар кітабына өтінім беру жоспарланған.  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған байқау Мемлекет басшысы "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы мен биылғы Жастар жылымен тығыз байланысты. "Қатысушылар "Қобыланды батыр" жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тариxи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиет оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді. Алдын ала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыптар бойынша эссе жазады. Тариxи эпостарды жаттау, туындыны толық жатқа айту, мәнерлеп оқу, эпостағы әр сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіну - басты талаптардың бірі. Поэтикалық мәтінді меңгеру арқылы тариxты да терең түсіне бастайды. Сондай-ақ, есте қалатын поэтикалық мәтін оқушының сөйлеу мәдениетін, сауатты жазуын қалыптастырады. "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасында айтылған ұлттық кодты қалыптастару үшін де бұл жобаның ықпалы зор болмақ", - деді Д.Абаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, аудандық іріктеулер сәуір айында басталады. Оған дейін мектеп оқушылары эпосты жаттап, дайындала алады. Ал мамырда облыстық кезең басталады.  Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Qazaq Epos» қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастарылып отыр. 

Дереккөз: inform.kz

Фото: tengrinews.kz

Пікірлер11

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз немесе тіркеліңіз Тіркелу
ШОЛПАН АЖИБАЕВА
ШОЛПАН АЖИБАЕВА
2019-02-21T09:56:02.000000Z
өте жақсы ұйымдастырылған екен, балалардың жыр жаттауға айтуға қызығушылығын оятады деп ойлаймын, мәдениетіміз, салт дәстүріміз жойылып кетпесе екен
ШОЛПАН АЖИБАЕВА
ШОЛПАН АЖИБАЕВА
2019-02-21T09:50:54.000000Z
Өте тамаша ұйымдастырылған, оқушылардың жыр айтуға қызығушылығын арттырады деп ойлаймын,ұлттық болмысымыз мәдениетіміз жоғалмаса екен
Қалдыгүл Бегжанова
Қалдыгүл Бегжанова
2019-02-15T05:27:27.000000Z
өте керемет байқау екен.
pazylova.d
pazylova.d
2019-02-11T05:38:53.000000Z
Шынымен де керемет екен, қазақ балаларына тарихи эпостарды жаттатып, бойларына ер жігітке тән қасиеттерді сіңіруде игі бастама деп білемін.
Айнагул Нурдхан
Айнагул Нурдхан
2019-02-07T04:34:28.000000Z
Өте тамаша ұйымдастырылған
alm.12447
alm.12447
2019-02-06T13:57:54.000000Z
өте тамаша ойластырылған екен....
Ербол Пашабеков
Ербол Пашабеков
2019-02-06T04:27:51.000000Z
Оте дурыс уйымдастырылган идея екен!окушылардын эпостык жырларга деген кызыгушылыгы арта туспек!
Асемгуль Кортаева
Асемгуль Кортаева
2019-02-05T18:52:03.000000Z
Керемет, әдебиетін өлтірмеген ел марғасқаларынан айналдым, осындай тамаша жобаны ұйымдастырып отырған ұйымға ,оқушылардың ынтасын жігерлендіріп, қанатын қарышқа қақтырған асыл азаматтарға алғысым шексіз! Рухани жаңғырудың кемел көрінісі бұл!
Алмагүл Қалиева
Алмагүл Қалиева
2019-02-05T12:34:48.000000Z
КЕРЕМЕТ
Лаура Сураубаева
Лаура Сураубаева
2019-02-05T08:31:41.000000Z
Рахмет сізге.