«Офлайн-оқу және жаңа технологиялар» тақырыбындағы вебинар

«Офлайн-оқу және жаңа технологиялар» тақырыбындағы вебинар

2021 жылғы 22 сәуірде сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) барлық педагогті «Офлайн-оқу және жаңа технологиялар» тақырыбына арналған вебинарға қатысуға шақырамыз.

Вебинарды информатика пәнінің мұғалімі Шақарманов Айтбек Маратұлы (Төлеубай Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектеп, Семей қ.) өткізеді.

Вебинарда спикер мектепте офлайн режимде сабақ өтуге арналған жаңа құралдар туралы айтады, сондай-ақ аралас оқыту технологиясы мен «төңкерілген сынып» моделін қолдану тәжірибесін ортаға салады.

Вебинарға қатысу тегін.

Вебинарға қосылу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: