«Online Mektep-те информатика мұғалімінің ТЖБ әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинар

«Online Mektep-те информатика мұғалімінің ТЖБ әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинар

12 наурыз 15:00-де барлық педагогті «Online Mektep-те информатика мұғалімінің Тоқсанды жиынтық бағалауды (ТЖБ) әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарды «Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназия» КММ информатика мұғалімі Серікбай Ерік (Қостанай облысы Рудный қ.) өткізеді. Серікбай Ерік – OnlineMektep-тегі ең белсенді педагогтердің бірі, сондай-ақ «Жаңашыл мұғалім – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы («Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы).

Вебинарда ТЖБ әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар мен оны өткізуге қатысты пайдалы ақыл-кеңес аласыздар.

Вебинар бағдарламасы:

  • OnlineMektep платформасында информатика бойынша ТЖБ әзірлеу;
  • дайын ТЖБ-ларды пайдалану;
  • ТЖБ өткізу және кері байланыс;
  • нәтижелерді мониторингілеу және журналға баға қою.

Күні мен уақыты: 12 наурыз, 15:00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Вебинарға қатысу тегін!
Вебинарға қосылу үшін сілтемемен өтіңіз.