«Online Mektep-те математика мұғалімінің ТЖБ әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинар

«Online Mektep-те математика мұғалімінің ТЖБ әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинар

15 наурыз 18:00-де барлық педагогті «Online Mektep-те математика мұғалімінің Тоқсанды жиынтық бағалауды (ТЖБ) әзірлеуі және өткізуі» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарды Қызылорда қаласы № 173 мектебінің математика мұғалімі Маханбетжанова Жанар Нұрмаханқызы өткізеді. Жанар Нұрмаханқызы – OnlineMektep-тегі ең белсенді педагогтердің бірі.
Вебинарда ТЖБ әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар мен оны өткізуге қатысты пайдалы ақыл-кеңес аласыздар. 

Вебинар бағдарламасы:
• OnlineMektep платформасында математика бойынша ТЖБ әзірлеу;
• дайын ТЖБ-ларды пайдалану;
• ТЖБ өткізу және кері байланыс;
• нәтижелерді мониторингілеу және журналға баға қою.

Күні мен уақыты: 15 наурыз, 18:00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша)
Вебинарға қатысу тегін!
Вебинарға қосылу үшін сілтемемен өтіңіз