"Online Mektep-тегі менің сабағым" 1-ші кезеңнің нәтижелері

"Online Mektep-тегі менің сабағым" 1-ші кезеңнің нәтижелері

Бүгін, 2021 жылғы 26 сәуірде «Online Mektep-тегі менің сабағым» байқауының бірінші кезеңі аяқталды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы:

Барлығы 1158 жұмыс жолданды. Байқау туралы ережеге сәйкес Online Mektep платформасында ең көп лайк жинаған 30 жұмыс (қазақ тілінде оқытатын 20 жұмыс және орыс тілінде оқытатын 10 жұмыс) екінші кезеңге өтеді және оларды қазылар алқасы бағалайды.

Екінші кезеңге өткен қатысушылардың тізімін көру

Біз байқауға қатысқан барлық педагогке алғыс айтамыз, ал финалистерді екінші кезеңге өтуімен құттықтаймыз. Уәкілетті қазылар алқасы 30 жұмыстың ішінен мына критерийлер: интерактивті сабақтың көрнекілігі, бірегейлігі, сауаттылығы және сапасы бойынша 4 жеңімпазды анықтайды.

Екінші кезеңнің қорытындысы 4 мамырда шығады. Жеңімпаздар дипломдар мен BilimBook Mini планшеттеріне ие болады!

Бірінші кезең жеңімпаздарының дипломдары мен 50 және одан да көп лайк жинаған қатысушылардың сертификаттарын 2021 жылғы 10 мамырға дейін Online Mektep платформасындағы жеке кабинеттен жүктеп алуға болады.