«Online Mektep-тегі үздік БЖБ/ТЖБ. 4-тоқсан» байқау нәтижесі

«Online Mektep-тегі үздік БЖБ/ТЖБ. 4-тоқсан» байқау нәтижесі

«Online Mektep-тегі үздік БЖБ/ТЖБ. 4-тоқсан» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз! ⠀

 

Бүгін, 2021 жылғы 24 мамырда, мақсаты OnlineMektep.org платформасында оқушыларды жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша педагогтердің тәжірибесімен алмасу және тарату болып табылатын «Online Mektep-тегі үздік БЖБ/ТЖБ. 4-тоқсан» байқауын қорытындылаймыз.

Байқаудың осы тоқсандағы қосымша шарты педагогтің электрондық Портфолиосын толтыру болды. Бұл жұмыстары 100 реттен артық жүктелген қатысушылар мен жеңімпаздарды анықтаған кезде міндетті түрде ескерілді.

Барлық қатысушыға алғыс айта отырып, жеңімпаздарды жариялаймыз:

1️) «Үздік БЖБ. 4-тоқсан» - Маржан Задаева, Қызылорда облысы, «С. Әлжіков атындағы № 144 ОМ» КММ Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі (3232 жүктеу).

2️) «Үздік ТЖБ. 4-тоқсан» - Динара Бухарбаева, Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Қарасу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ физика пәнінің мұғалімі (2847 жүктеу). ⠀

100 және одан да көп жүктеп алған қатысушылар 25 мамырға дейін OnlineMektep.org платформасында өзінің жеке кабинетінде деңгейлік электрондық сертификаттар алады. Жеңімпаздарды дипломдар мен BilimBook Mini планшеттері күтеді!

Белсенді қатысқаны үшін барлық мұғалімге ризашылық білдіреміз!