OnlineMektep-тегі ең белсенді мұғалімдерге жүлделер

OnlineMektep-тегі ең белсенді мұғалімдерге жүлделер

Құрметті ұстаздар!

Үшінші тоқсанда біз ең белсенді мұғалімдерді марапаттауды жалғастырамыз, енді әр апта сайын және бүкіл Қазақстан бойынша.

Жүлде қоры:

1 орын - BilimBook сенсорлы трансформер ноутбугы;
2 орын - BilimBook планшеті;
3 орын - фитнес білезік + сымсыз құлаққап.

BilimLand (OnlineMektep) сайтында тіркелген барлық мұғалімдер автоматты түрде катысушы атанады.

Есептеу формуласы екінші тоқсандағыдай өзгеріссіз қалады: 3-тоқсанда өткізілген сабақтар санының (Bilimland сабақтары + Менің сабақтарым (интерактивті сабақтарды қоса алғанда) + үй тапсырмасы + БЖБ/ТЖБ) КТЖ-дағы сағат санына қатынасы. Яғни, өткізілген сабақ санының пәннің аптадағы сағат санына бөлінісі. Нәтиже неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де соғұрлым көп болады.

OnlineMektep платформасында сіз өз прогресіңізді бақылау үшін көшбасшылар тізімін көре аласыз.

Сәттілік!