ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ: «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 90% ІШКІ ІСТЕР ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҚОСЫЛҒАН»

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ: «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 90% ІШКІ ІСТЕР ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҚОСЫЛҒАН»

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Ұлттық мониторинг – Балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді. Мектептердің психологиялық қызметтері қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарлануда.«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етілген, дүрбелең түймелері орнатылған. Бұл жұмысты 100 пайызға жеткізу керек», - деді министр Ғани Бейсембаев.Сондай-ақ арнайы мектеп автобустарының паркі жаңартылуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде 27 мың баланы тасымалдауды қамтамасыз ететін 515 көлік сатып алынды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ