Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді

Оқу-ағарту министрлігі: қазақстандық оқушылардың оқу және демалыс уақыты белгіленді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.   Орта білім беру ұйымдарында 2024 – 2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталып 25 мамырда аяқталады.   Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта. Күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.   Екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.   Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күнді құрайтын қосымша демалыстар беріледі.   Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал,11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.   Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда оқу жылы қорытындыланады.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ