✅ Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері шұғыл кеңесте талқыланды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық білім беру ұйымдарына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.✅ ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елорданың ПМПК жұмысымен танысты. Елімізде 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жұмыс істейді. Оның алтауы Астана қаласында орналасқан.✅ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен 15 мыңнан аса оқушы қатысты.✅ Ғани Бейсембаев оқу бағдарламаларын әзірлеушілермен кездесті. Жұмыс тобы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын талқылады.✅ ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қоғам өкілдерімен кездесуі жалғасуда. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйым басшылары өзекті мәселелермен және жұмыстың негізгі бағыттарымен бөлісті.✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған бірлескен өңірлік Жол картасын әзірлеуді бастады. Бірінші құжатқа Астана қаласының әкімдігі қол қойды. Ол білім беру саласындағы мәселелерді нақты шешуге және одан әрі дамытуға бағытталған. ✅ Ұлттық пікірсайыс турнирінің республикалық кезеңі аяқталды. Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттады. І орынды Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Астана қаласының командалары жеңіп алды.✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім бөлімдері, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен кеңесте саланың өзекті мәселелері талқыланды.
Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу
773
0
0
19.02.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ