ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

✓ Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет EUROSKILLS-те екі медаль жеңіп алды

✓ Нұрлан Мамутханұлы Құдияров ҚР Оқу-ағарту министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры болып тағайындалды

✓ Еліміздің колледждерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға артты

✓ 2023 жылдың соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады

✓ Оқу-ағарту министрі педагог беделін арттыруға қосқан үлесі үшін аймақтық журналистке алғыс білдірді

✓ Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады

✓ Қазақстандық оқушылар EJOI информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

✓ Оқу-ағарту министрі Ұлыбритания елшісімен кездесті

✓ Наталья Жұмаділдаева ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

✓ Еліміздің мектептерінде дене шынықтыру пәнінен республикалық пәндік олимпиада өтеді 

 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ