Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу

✅ Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздарына 29 білім гранты табысталды.

✅Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған «Abilympics» атты X халықаралық кәсіптік шеберлік олимпиадасында ел құрамасының қоржынына алғашқы медальонды Ақмола облысы Красный Яр ауылының көпсалалы колледж студенті Альбина Альбекова салды. Ол Францияның Мец қаласында өткен олимпиадада «Dress making, basic» құзыреттілігі бойынша үздік атанды.

✅ Әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне үйрету және оларды кәсіби қызметте тәжірибеде қолдану мақсатында вебинар өтті. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

✅ 27 наурыз бен 28 сәуір аралығында WorldSkills Kazakhstan – 2023 кәсіби шеберліктің аймақтық чемпионаттары өтеді, оған үш мыңнан астам студент пен бес мыңнан аса оқушы қатысады.✅ Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасы өтті. Оған еліміздің барлық облыстарынан 23 команда қатысып, бірінші орынды Алматы қаласының командасы жеңіп алды.

✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі заманауи педагогтерді даярлау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес құрды.

✅ Екібастұз қаласында еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды, онда мектеп оқушылары шетелдің белгілі мультфильмдерін қазақшаға аударып, өздері дыбыстайды.

✅Облыстық білім басқармалары басшыларының қатысуымен өткен жиында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

✅ Маңғыстау облысының оқушы қыздарына тігіншіліктің заманауи компьютерлік бағдарламалары үйретіледі. 6-11 сынып оқушылары үшін оқу үдерісіне цифрлық тігіншілікті оқыту бағдарламасы енгізілді.

✅Елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен шахматтан республикалық олимпиада өтеді. Оған ел бойынша 2-11 сынып аралығындағы 100-ге жуық оқушы қатысады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ