ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ОСЫ АПТАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ

✅ҚР Оқу-ағарту министрлігі 5 маусым мен 5 шілде аралығында барлық облыстардың білім басқармалары қызметіне кешенді мониторинг жүргізеді.

✅Елімізде 14 149«AQYL» мемлекеттік білім беру жинақтау депозиті ашылған.

✅Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 144 мыңнан астам студент бітіреді.

✅Павлодарлық оқушы VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана жасап шығарды.

✅Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға өзі ойлап тапқан әдіс арқылы домбыра үйретіп жүр.

✅ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға батқан баланы құтқарған ақтөбелік оқушыны марапаттады.

✅5000 оқушы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында тегін демалады.

✅Патронат тәрбиешілер қызметінің төлемақысы 35 айлық есептік көрсеткішке артты.

✅1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі.

✅Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысы басталды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ