Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы базасында спорттың үш түрі бойынша алғашқы жеңімпаздары анықталды. Спорттық сайыста 380 оқушы жарысты. «Зерде» XVIII республикалық конкурсы қортындыланды. 2-7 сынып аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген оқушылар 500-ден аса ғылыми жұмыс қорғады. Бас жүлдені 16 оқушы жеңіп алды.200 павлодарлық оқушы өздері тіккен ұлттық бас киімдерін «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесінде көрсетті.Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің оқушысы Елдос Елу «ақылды» ферма ойлап тапты. Ерекше қажеттіліктері бар 150 оқушы голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарысына қатысады. «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпке таныту үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын қолға алды.Павлодар облысы Железин ауданы Новомир ауылдық мектебінің оқушылары ауылды дамытудың ерекше цифрлық жобасын әзірледі. Балалар жергілікті белсенділердің пікірін ескере отырып, өз ауылдарының 3D макетін жасаған.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. 421 оқушы жүлделі орын иеленді. Оның 86-сы алтын, 127-сі күміс, 208-і қола медаль иегері атанды.
Оқу-ағарту министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына қысқаша шолу
478
0
0
27.03.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ