ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Ақмола облысына жұмыс сапарында Сандықтау ауданының, Макинск қаласының және сол аумақтардағы елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде вице-министр облыс тұрғындарын министрлік жұмысының негізгі бағыттары мен қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде педагогтерді оқыту және аттестаттау, мектептердің оқу-материалдық базасын нығайту мен жаңарту туралы хабардар етті.«Биыл 1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымдарында отбасы, оқушы және мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту мақсатында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын бастады. 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Ол жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Үш жылда жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 14-ке азайып, 36 балалар үйі – балаларды қолдау орталықтарына айналды. 22 мың жетім баланың 83%-ы отбасыларда тәрбиеленуде. Біз жетім балаларды қолдау үшін кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізудеміз», - деп атап өтті Еділ Оспан.Вице-министр тұрғындардың жекелеген сұрақтарына да жауап берді. Тұрғындарды инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, техникалық персонал және қосымша білім беру педагогтерінің жалақысын көтеру, мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа ережелері қызықтырды.

Сондай-ақ, Еділ Оспан Ақкөл қаласында орналасқан облыстағы бірден-бір балаларды қолдау орталығының қызметіне қатысты жұмыс кеңесін өткізіп, кәсіби патронаттық отбасыларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ