Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды

Оқушылардың жаңа оқу жылындағы демалыс күндері аталды

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері оқушылардың жаңа оқу жылындағы каникулдарының мерзімін айтты. 
 

Министрліктің бұйрығы бойынша: 

1) 2019-2020 оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталады; 

2) 1-сынып оқушылары 

- 33 апта оқиды, 2-11 (12)-сынып оқушылары 34 апта оқиды; 

- күзгі каникулдар - 28 қазаннан 3 қарашаға дейін (жеті күн); 

- қысқы каникулдар - 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін (он күн); 

- көктемгі каникулдар - 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн); 

Сондай-ақ, министрліктегілердің мәліметінше, 1-сынып оқушыларына тағы қосымша каникул беріледі - 3-9 ақпана аралығында (жеті күн). 

Осылайша, оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады. 

Толығырақ: tengrinews.kz