ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «БУКТРЕЙЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН «БУКТРЕЙЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«Буктрейлер» республикалық байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен өтеді. Ұлттық институт ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арзу Саликованың айтуынша, байқау Халықаралық балалар кітабы күніне арналған.

«Шығармашылық сайыс балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының сүйікті кітаптары туралы бейнероликтер қабылданады», — дейді Арзу Саликова.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін сайыскерлер Instagram желісіндегі жеке парақшасында институттың @orken_instituty аккаунтын белгілеп, #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига  хэштегімен бейнеролик орналастыру қажет.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ