Заман ағымы өзгерген сайын кәсіп иелеріне деген талаптар да көбейе түседі, тіпті жаңа мамандықтар да пайда болып жатады. Төменде мектеп оқушысына да қолжетімді болатын мамандықтардың тізімін ұсынамыз.
Блогер
Бәріңіз әлеуметтік желі платформаларында байқап жүргендей, бүгінгі күні мектеп оқушыларын былай қойғанда, кішкене бүлдіршіндер де блогер атанып, желі парақшалары арқылы пайда тауып, өз кәсіптерін дөңгелетіп жүр. Бұл ресми мамандық болып есептелмесе де, қазіргі кезде табысты әрі қызықты іс ретінде бағалануда.
Киберспортшы
«Ең керемет мамандық – жалақысы жоғары хобби» деген тіркесті естуіңіз бар ма? Қызығушылығын кәсіпке айналдырғандар саны күн санап өсіп келеді. DOTA 2 және CS сияқты ойындарды кәсіби деңгейде ойнап, ақша тауып жүргендер қаншама?!
SMM-менеджер
Әлеуметтік желіде отыруды сүйсең, SMM саласына баруға болады. Қазіргі уақытта біздің елімізде де сұранысы артып келе жатқан жаңа мамандық. Желі платформаларында пост жариялау, оқырмандармен кері байланыс орнатып, пікірлерді сұрыптау, оларға жауап беру, қандай да бір брендті немесе қызмет түрін жарнамалап, жүргізу, оқырмандар жинау сияқты қызметтер SMM-менеджерінің міндеті.
Репетитор
Жеке репититорлар бүгін жақсы табысқа ие. Өз білімін басқаға үйрету – өзіңе де, өзгеге де пайдалы.