Павлодарда Бейбіт Қорғанның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті

Павлодарда Бейбіт Қорғанның қатысуымен балаларға арналған қайырымдылық концерті өтті

«Бақытты балалық шақты қорғау» жобасы аясында Естай атындағы мәдениет сарайында көптеген музыкалық премиялардың лауреаты, әйгілі отандық әнші Бейбіт қорғанның қатысуымен қайырымдылық концерті өтті.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, концертке көрермен ретінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен облыс орталығы тұрғындары шақырылды.

- Көрермендер өзінің әйгілі хиттерін орындаған әртісті жылы қарсы алды, - деді департаментте.

Концерт бағдарламасына белгілі музыкалық композициялар енді. Кейбірін көрермендер әншімен қосыла шырқады. Әр концерттік номерді көрермендер белсенді қолпаштап отырды. Концертке келгендердің барлығын Бейбіт Қорған қуанышқа бөледі. 

Дереккөз: pavlodarnews