Байқауға 6-18 жас аралығындағы бес жүзден астам бала қатысты.
Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінің оқушылары «Звезды столицы» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының 16-шы халықаралық фестиваль-байқауында сәтті өнер көрсетті және ең жоғары марапаттарды иеленді.
Фестиваль-байқау «Я могу!» мәдени-білім беру жобасы аясында өтті.
– Байқау вокал, аспапта орындау, хореография, театр, цирк, көркемдік өнер мен декоративтік-қолданбалы өнер бойынша талантты балалар мен жасөспірімдерді анықтау және марапаттауға бағытталған. Қазылар алқасының құрамында Ресейдің тәжірибелі педагогтары, жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, шығармашылық ұжымдар мен студия басшылары, еңбек сіңірген және халық әртістері, атақты актерлер, режиссерлер, әншілер, композиторлар, мәдениет пен өнерде еңбек сіңірген қызметкерлер жұмыс жасады.
Байқаудың бас жүлдесін Е.Үсеновтің «Кербез сұлу», Құрманғазының «Жима» шығармаларын орындағаны үшін «Серпін» фольклорлық ансамблі иеленді. 1 орынды «Той бастар» және «Тоқтаған» туындыларын орындаған «Қос ішек» домбыра ансамблі алды. - Ансамбльдік орындаулардан басқа жеке дауыста өнер көрсеткен қатысушылар жоғары марапаттарға қол жеткізді. Оқушылар ресейлік жұртшылығын қазақ музыкасының ұлы мұрасымен таныстырып, аспапта ойнаудың реттілігін, динамиканың маңызды үдемесін көрсетті, - деді білім беру бөлімінде.
Дереккөз: pavlodarnews.kz