ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ДӘРІПТЕЙТІН КОМИКС ЖУРНАЛДАР ШЫҒАРДЫ
544
0
0
13.02.2023
Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады.
«Мақсат - тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды»,- дейді тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева.
Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды. Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары «Тарихи хикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ