Қаржыландыру үшін жекелеген басым бағытты бөлу ғылыми зерттеулерді жүргізуді ынталандырады – Асхат Аймағамбетов оқу-әдістемелік зерттеулердің авторларын құттықтады

Қаржыландыру үшін жекелеген басым бағытты бөлу ғылыми зерттеулерді жүргізуді ынталандырады – Асхат Аймағамбетов оқу-әдістемелік зерттеулердің авторларын құттықтады
Осыдан екі жыл бұрын ғылыми зерттеулерді қаржыландырудағы жекелеген басым бағыттың бірі – білім саласындағы зерттеулерді енгізу туралы шешім қабылдадық.   Бұл кездейсоқ емес. Отандық білім беру жүйесін сапалы ғылыми зерттеулерсіз дамыту мүмкін емес. Шешiмдер зерттеулер негiзiнде қабылданып, енгiзiлiп жатқан жаңалықтар да ғылыми талдаудың нысанасы болуы керек.   Өкінішке қарай, мұндай зерттеулер өте аз. Сондай-ақ бұл жерде қаржыландыру үшін жекелеген басым бағытты бөлу осындай зерттеулерді жүргізуді ынталандырады деп үміттенемін.   Оның үстіне елімізде осы салада өте жақсы ғылыми әлеует қалыптасқан. Мықты ғылыми білімі, тәжірибесі бар көптеген зерттеушіміз осындай зерттеулерді жүргізіп қана қоймай, тәжірибелерімен де бөлісе алды.   «Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер мен практика» монографиясының авторлары дұрыс атап өткендей, білім беруде зерттеу жүргізу тек профессорлардың немесе ғылыми қызметкерлердің құзыреті емес екенін түсіну керек, бірақ бұл практик-мұғалімдер жұмысының маңызды бөлігі. Мысалы, Action Research біртіндеп жетекші мектеп мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу қызметінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Рефлексия, өз тәжірибесін зерделеу оқыту сапасының артуына септігін тигізеді. Сол себепті бұл монографияның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен кәсіби айналысатын мамандарға ғана көмегі болмай, білімге құштар қалың оқырман қауымның қызығушылығын тудырады.   Монография авторларын шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!   Сілтеме: https://gse.nu.edu.kz/.../Bilim-beru-zertteulerine... https://gse.nu.edu.kz/.../Vvedenie-v-obrazovatelnye...   https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/pfbid02EbGLgD6xKasxBC3BQgkS3aUVBCgkmBpDRQWfVQpbcLBTLue4NX48T664Wrs4HRXRl   
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ