Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады - Асхат Аймағамбетов кітап көрмесіне барды

Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады - Асхат Аймағамбетов кітап көрмесіне барды
Бүгін елордамызда өтіп жатқан кітап көрмесіне бардым. Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады.   Әсіресе балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді.   Біз балаларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асырып жатырмыз.   Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек.   https://www.facebook.com/1120704037/posts/10219940900209125/?d=n 
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ