Мемлекет басшысының «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасау және жүзеге асыру туралы тапсырмасы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы балаларға арналған көркем әдебиеттің интерактивті каталогын әзірледі.«Еліміздің білім беру ұйымдары үшін Bookfund.gov.kz жүйесі құрылды. Бұл қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын цифрлық форматтағы кітаптардың арнайы тізімі. Қазір бекітілген көркем әдебиет тізімі бойынша интерактивті каталогтарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Одан кейін пайдаланушылар өз аккаунты бойынша жүйеге тіркеліп, толық каталогпен таныса алады», - деп атап өтті Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры Әлия Сайдембаева. Сондай-ақ оқу жылының басынан бастап білім басқармаларының қызметкерлері мен мектеп кітапханашыларына Қазақстанның кітапхана ісінің Bookfund.gov.kz. автоматтандырылған жүйесінде тіркелу бойынша бірқатар вебинарлар өткізілді. Атап өтейік, автоматтандырылған жүйе өңірлерде қандай кітаптар сұранысқа ие екенін білуге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАТАЛОГЫ ӘЗІРЛЕНДІ
469
0
0
22.09.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ