ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ГЕОГРАФИЯДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Қазақстандық оқушылар 2023 жылдың 8-14 тамызы аралығында Индонезияның Бандунг қаласында өтетін IGEO халықаралық географиялық олимпиадасына қатысады.

Ел намысын география пәнінен Республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы және екі жетекші қорғап отыр:

Санжар Хамитов - Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы; Арсен Сыдыков - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы; Қанат Серікбай - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы; Аида Давлетова - Астана қаласындағы НЗМ 12 сынып оқушысы. Абай Дүйсен – ғылыми жетекші, география магистрі., республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы; Валеев Рустам – жетекші, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алған. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ