Қазақстан құрамасы Авиценна атындағы биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда

Қазақстан құрамасы Авиценна атындағы биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда

9-14 маусым аралығында қазақстандық құрама команда Өзбекстанның Бұқара қаласында өтіп жатқан биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда.

Олимпиада бірінші рет екі кезең бойынша өтуде. Бірінші тур – теориялық, мұнда тест тапсырмалары беріледі, екінші турда практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Олимпиадада ел намысын қорғайтын қазақстандықтар: • Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; • Амина Тынарбай – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; • Нұртөре Төреханұлы – Өскемен қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға аналған облыстық мамандандырылған лицейдің 11 сынып оқушысы; • Аружан Алмашова – Қызылорда қаласындағы «Білім-инновация» дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; • Айғаным Балташова – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы; • Рауан Есен – Тараз қаласындағы «Білім-инновация» дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы; • Дана Амангелді – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы; • Батыр Ержанұлы – Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі: • Асқар Мәжікенов – магистр, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, биологиядан құрама команданың жаттықтырушысы.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ