Қазақстан құрамасы географиядан EGeO Еуропалық олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы географиядан EGeO Еуропалық олимпиадасында алты медаль жеңіп алды

Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді. Кұрама команда нәтижесі: Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы; Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы. Команда жетекшісі — Абай Дүйсен —республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы. Біз жас географтарды айтулы жеңістерімен құттықтаймыз және оларға халықаралық ареналарда табыс тілейміз! Анықтама үшін: Географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлде болған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ