ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ EUROSKILLS ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ EUROSKILLS ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУДА

Қазақстан EuroSkills Gdańsk 2023 сегізінші Еуропа чемпионатында 25 құзыреттілік бойынша жарысқа, оның 3 - і командалық құзіреттілік түседі.

Ұлттық құрамаға 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы кірді. Біздің команда барлық құзыреттіліктер бойынша ең мықты, білікті мамандардан құрылған. Жарысқа аттанған жастарымыз бірнеше іріктеу кезеңінен өткен.

Қазақстаннан жарысқа келген құрама команда: Владимир Сафронов (жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету), Ильсур Тукаев (СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар), Александр Рудыкин (электроника), Алуа Жарасбаева (Графикалық дизайн), Жанель Түгелбаева (қонақ үй ресепшионист), Диляра Байжуманова (шаштараз өнері), Диас Сәрсембаев (кірпіш қалау), Әлібек Алдамжаров (өнеркәсіптік автоматика), Абылай Қорабай (электромонтаждық жұмыстары), Қорқем Жардемова (бизнеске арналған IT шешімдер), Руслан Юсупов (веб-технологиясы), Ерасыл Бақытжан (инженерлік графика CAD), Виталий Кайл (плиткамен қаптау), Екатерина Лютаева (мейрамхана қызметі), Нұржан Қайпбаев (дәнекерлеу жұмыстары), Руслан Нұрғалиев (сантехника және жылыту), Алина Карюкина (кескіндеме және сәндік жұмыстар), Данил заводов (аспаз дело), Еркебұлан Махмұтов (наубайхана ісі), Мұхаметәлі Ибдіманов (құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары), Асхад Таңбаев (шанақты жөндеу). Командалық жарыстарда: Андрей Степанюк және Станислав Горицын (желілік және жүйелік әкімшілендіру), Әйгерім Досова және Айкен Туребаева (сән технологиялары), сондай-ақ Ернияз Құрманбаев пен Аңсар Оразғалиев (мехатроника).

Айта кетейік, биыл чемпионат Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өтуде. Оған 32 елден 25 жасқа дейінгі 600 білікті жас маман қатысуда.

Халықаралық қауымдастық пен WorldSkills International (www.worldskills.org) соның ішінде EuroSkills қозғалысының мақсаты техникалық мамандықтарды танымал ету, мәртебесін және бүкіл әлем бойынша кәсіптік даярлық және біліктілік стандарттарын арттыру болып табылады. Бүгінгі күні қауымдастыққа 72 ел және жер шары халқының 80%-ы кіреді, Қазақстан WorldSkills қозғалысына 2014 жылы қосылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ