Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды

Қазақстанда оқулықтар 100% цифрландырылды

Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды. Барлық оқу материалдары мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленуде.

«Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталатын болады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ