ҚАЗАҚСТАНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫЛАРДЫҢ IYNT-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАНДА  ЖАРАТЫЛЫСТАНУШЫЛАРДЫҢ IYNT-2023 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» Ұлттық білім беру-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен Жаратылыстанушылардың IYNT-2023 халықаралық турниріне тоғыз елден 200-ден астам оқушы қатысты.

Бір апта бойы жас зерттеушілер физика, химия, биология бойынша білімдері мен қабілеттерін кеңейтуге, сондай-ақ күрделі есептерді шешу үшін математикалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік алды.

Турнирде Пәкістан, Уганда, Болгария, Румыния, Хорватия, Грекия мен Қазақстанды қоса алғанда 9 елдің 19 командасы бақ сынады. Қатысушылардың жалпы саны 220-ға жуық болды.

Байқау қорытындысы бойынша:1 орын- Грузиядан «Georgia National» командасы; 2 орын - Болгариядан «Bulgaria A» және Хорватиядан «TeamCroatia» командалары; 3 орынды Грекиядан «Hellas Shockwave», Hellas Casper командалары мен Болгариядан «Bulgaria B», Пәкістаннан «White», Румыниядан «Limitless 4.0»,«Axis Mundi» командалары бөлісті. IYNT-2023 – қатысушылардың ғылым саласындағы мәселелерді шешу, өз пайымдарын дәлелдеу және ғылыми дискуссияларда қорғау қабілетерін дамытуға бағытталған командалық сайыс.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ