ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ: 2 МЛН-ҒА ЖУЫҚ БАЛА ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ: 2 МЛН-ҒА ЖУЫҚ БАЛА ОҚУЫН ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫР

Елімізде 26 мамырда жазғы мектептің жұмысы басталды. Ол 2022 жылғы 17 маусымға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық бала осы мүмкіндікті пайдаланып, білімдерін шыңдап жатыр.

Олардың барлығы уақытты тиімді өткізіп, ыңғайлы кесте мен қызықты форматта оқиды. Жазғы мектептер емтихан тапсыратын 9-11 сынып оқушыларынан басқа, барлық оқушылар үшін ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Оқушылар сабаққа дүйсенбіден жұмаға дейін қатысады. Оқу, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, физика, химия және т.б. сияқты негізгі пәндер бойынша өтеді.

«Жазғы мектептегі сабақтар сыныптағы оқушылар санына қарамастан өтеді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Себебі әр оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтырып, жаңа білім алады. Оқу ыңғайлы кесте бойынша қызықты форматта өтеді. Мысалы, сабақтар музейлерде, таза ауада өткізіліп, әртүрлі экскурсиялар ұйымдастырылады. Жазда балалар уақытын телефон ойындарын ойнап өткізетінін білеміз. Әрине, егер мүмкіндік берілсе, ата-аналар балаларға уақытты кітап оқуға немесе білім алуға жұмсағаны дұрыс екенін түсіндергені абзал. Балалардың жазғы мектептегі оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін мұғалімдер баға қойып, үй тапсырмасын бермейді. Ал мектеп әкімшілігі мен ұстаздары жазда оқу барынша қызықты әрі танымды өтуі үшін барлық жағдайды жасауы керек. Қазірдің өзінде ата-аналар жақсы пікірлерін айтып жатыр», - дейді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Жазғы мектеп аяқталғаннан кейін мұғалімдер жыл сайынғы демалысқа шығады, ол 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ