Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды

Қазақстандағы колледж студенттерінің 70 пайызы тегін оқиды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр.

✅Олардың 70%-ға жуығы тегін оқуда.

✅Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.

«Сараптама бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бірдей мамандықтар оқытылатынын көрсеткен. Ең көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы сапаны бақылау аясында контингенті төмен колледждердің лицензиясын қайтару жұмысы қолға алынды. Былтыр 161 оқу орнының лицензиясы алынды», — деді Наталья Жұмаділдаева.

Тамара Дүйсенова аталған шаралардың маңыздылығын атап өтіп, туындауы мүмкін мәселелерді бағамдап, алдын ала әрекет ету керектігіне баса мән берді.

«Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұл үрдіс келешекте де сақталады. Сондықтан қажеттілікке сай кадр әзірлеу маңызды. Колледждерді мамандандыру аясында ұстаздарды қайта даярлау, материалдық-техникалық базамен жабдықтау қажеттігі туындайды. Осы мәселелерді ескеру және маман даярлауда жергілікті жұмыс берушілерді мейілінше жұмылдыру қажет», — деп атап өтті вице-премьер.

📱 https://t.me/KZgovernment

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ