ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СҮЙЕКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚОЛЖЕТІМДІ БИОМАТЕРИАЛ ӘЗІРЛЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СҮЙЕКТІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚОЛЖЕТІМДІ БИОМАТЕРИАЛ ӘЗІРЛЕДІ

Қазақстандық ғалымдар сүйектерді қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алып үлгерді.

«Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режимін таңдау және т.б. есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге», – дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.

Қазір химия ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мансұров медицина ғылымдарының докторы М.А. Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.

«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», - деп түсіндірді Зұлқайыр Мансұров.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді.

Айта кетейік, ғылыми жұмыс ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылды.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ