Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды
7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды. Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды:Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ