ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР БІР УАҚЫТТА ШАХМАТ ОЙНАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР БІР УАҚЫТТА ШАХМАТ ОЙНАДЫ

Еліміздің жеті мыңнан астам білім беру ұйымдарының оқушылары шахматтан челленджге қатысты. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де басталды. Челленджді бастап берген Оқу-ағарту министрі зияткерлік спорт түрінің маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен білім беру ұйымдарында "Мектептегі шахмат" жобасы жүзеге асырылуда. Біздің өскелең ұрпақтың осы спорт түрін үйренуге қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Шахмат ойнай отырып, ақыл-ойларыңыз дамып қана қоймай, сіздер еңбекқорлық, табандылық пен қайсарлық қасиеттеріңізді тәрбиелейсіздер», - деді Ғани Бейсембаев челлендж қатысушыларына.

Айта кетейік, мұндай ауқымды іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр. Челлендж балаларға, жасөспірімдерге және педагогтарға осы спорт түрінің жаппай дамуын және өздерінің жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Шахматтан республикалық челленджге барлығы миллионға жуық оқушы қатысты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ