ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ. АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ФИЗИКА, ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА 6 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ. АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Оқушыларымыздың халықаралық аренадағы жеңісті жолы жалғасып жатыр.

Бүгін қазақстандық оқушылар физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 1 күміс пен 5 қола бар.

Былтыр оқушыларымыз дәл осы олимпиадада 3 қола медаль иеленген еді. Осылайша, балалар биыл рекорд жаңартты.

Зияткерлік сайыс Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған әлемнің 60 елінен 300-ге жуық бала қатысты.

Жүлдегерлерді жоғары нәтижемен құттықтаймын! Оқушыларға жаңа жеңістер тілеймін!

HTTPS://T.ME/AIMAGAMBETOV/424 

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ