ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ОЛИМПИАДАСЫНДА АЛТЫ МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР  ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ ОЛИМПИАДАСЫНДА  АЛТЫ МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды.

Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты.

Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды.

20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері: Самат Максутов - PhD доктор, SDU University доценті;Аскар Мажикенов - Назарбаев Университет магистранты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ