ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу
Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді.Күн тәртібінде өңірлердегі әдістемелік кабинеттердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қаралды.Мектептерде қолдануға ұсынылған электрондық оқулықтарға қолжетімділікті арттыру шаралары талқыланды.Орта білім беру ұйымдарындағы кітаптардың қорын ұлғайту жұмыстары пысықталды. Асхат Аймағамбетов  «Хабар» телеарнасындағы «Ұлттық мүдде» бағдарламасына сұхбат берді.Білім саласын дамыту барысында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.Білім беруде енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен бөлісті.Пандемия жағдайында жаңа оқу жылы қалай ұйымдастырылатынын жеткізді.Оқушы орны тапшы мектептердің мәселесін шешу жолдарын айтты.Халықаралық пән олимпиадасы жүлдегерлерін қаржылай қолдау шаралары туралы ақпарат берді. Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға қабылдау талаптарының өзгергені туралы Facebook парақшасында жазды.Министр магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет жүргізілетінін хабарлады.Қабылдау дәстүрлі түрде тамызда және қосымша желтоқсанда ұйымдастырылатынын жариялады.Бұл норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарланып отыр. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.Жиында Білім және ғылым министрі шетелде кадрлар даярлау жөніндегі тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.Отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы 196 үміткерге тағайындалды. Министр «Nur Otan» партиясының Республикалық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.Азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдап, білім саласына қатысты жеке мәселелерін қарады.Қабылдау барысында азаматтар инклюзивті білім беру бойынша ұсыныстарын білдірді.Орта білім беруге экология пәнін енгізуді ұсынды. «БҒМ LIVE» айдарында мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Тікелей эфирде ел тұрғындарының сұрақтарына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ