ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің апталық жұмысына шолу
Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының мектеп директорларымен онлайн кездесті. Жиында мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету, кітаптарды жеткізу барысы қаралды. Оқушы орны тапшы мектептердің мәселелері талқыланды. Мектептерде «ASHYQ» қосымшасын енгізу, індетке қарсы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету барысы қаралды.Министр «Qazaqstan» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. Тікелей эфирде қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтап, ұстаздар мен білім алушыларға сәттілік тіледі. Сұхбат барысында білім саласына енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы ақпарат берді. Пандемия жағдайында жаңа оқу жылы қалай ұйымдастырылатынын айтты. «Әліппе» және «Букварь» оқулығын таныстырды. Студияға келген балалармен әңгімелесіп, жылы лебізін білдірді. Білім және ғылым министрі Ақмола облысындағы №2 Қосшы орта мектебіне барды. Білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Салтанатты жиында мұғалімдерді, білім алушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Асхат Аймағамбетов балаларға білім беруде педагогтердің рөлін ерекше атап өтті. Мұғалімдердің қажырлы еңбегі мен аз уақыттың ішінде жаңа жағдайларға тез бейімделгені үшін ризашылығын білдірді. Министр бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» және «Букварь» оқулықтарын табыс етті. Оқушыларға жаңа оқу жылы қызықты әрі пайдалы болуын тіледі. Асхат Аймағамбетов «Astana» телеарнасындағы «Айтарым бар» бағдарламасына барып, сұхбат берді. Тікелей эфирде өткен бағдарламада білім салысын дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Білім беруде енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен бөлісті. Оқушыларға білім беруде заманауи тәсілдерді қолданудың маңызды екенін жеткізді. Педагогтердің мәртебесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты.Бағдарламада креативті оқытудың артықшылықтары мен тиімділігі бойынша жас мұғалімдермен пікір алмасты. Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді.Күн тәртібінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтқан тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қарастырылды. Жоо оқытушыларының жалақысын арттыру мәселесі талқыланды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қорытындылары қаралды. Ғылыми зерттеу институттарына заманауи жабдықтарды сатып алу сұрақтары талқыланды. Асхат Аймағамбетов «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында білім саласын дамыту үшін жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Кәсіптік бағыт-бағдар беру мәселелеріне тоқталды. Ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берді. Оқушы орны тапшы мектептердің мәселесін шешу жолдарын айтты. Білім және ғылым министрі тіл саласының мамандарымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру шаралары талқыланды. Министр Тіл саясаты комитетінің төрағасына үздіксіз білім беру моделі арқылы мектептен бастап ересек адамдарға дейін тіл үйретудің сапасын арттыруды тапсырды. Министр тіл жанашырларын мерекемен құттықтап, алғысын білдірді. Бір топ азамат Білім және ғылым министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ