Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленетін болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.Ата-аналардың отбасының өмірлік түрлі жағдайларына байланысты мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа жолдары қарастырылуда. Балаларға тең жағдай жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды мәселе - халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын тегін тамақтандыру болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын аз қамтылған отбасылардан шыққан 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылады.Айта кетерлігі, елімізде 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАСЫН ҚҰРУДА
248
0
0
15.08.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ