ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Құдияров Нұрлан Мамутханұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры болып тағайындалды.Нұрлан Құдияров 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде бастады.2014 – 2018 жж. – «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ Еркін экономикалық аймақты дамыту департаментінің директоры, басқарушы директор.2018 ж. – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Қаржы-экономикалық департаментінің бас менеджері.2019 – 2021 жж. – «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту дирекциясының басшысы.2022 ж. – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы.2022 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ СТРАТЕГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
358
0
0
11.09.2023
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ