ҚР Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу 

✅ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды.

✅ 1700-ден астам оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңіне өтті. Білім сайысына еліміздің әр өңірінен 15 561 оқушы қатысты.

✅ ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық сарапшы Джонатан Слейтермен кездесті. Тараптар білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

✅ ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі білім беру жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған өңірлік жол картасына қол қойды.

✅ ҚР Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының педаготерімен кездесті. Білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

✅ Ғани Бейсембаев Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесті. Педагогикалық қоғамдастықты дамыту және жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жөнінде пікір алысты.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ