Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді
420
0
0
08.09.2021
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқудан өтетін, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 196 үміткерге берілді.
Отырыста білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.
2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Тағы 500 стипендия «Ғалымдар» тағылымдамасының жаңа санаты бойынша берілді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.
Отырыс қорытындысы бойынша Қырымбек Көшербаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
https://akorda.kz/kz/kyrymbek-kosherbaev-shetelde-kadrlar-dayarlau-zhonindegi-respublikalyk-komissiyanyn-otyrysyn-otkizdi-88283
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ