Қазақстанның аймақтарында тұратын 1000 жас кәсіпкер бизнесін дамытуға миллион теңгелік грант ала алады.
"Qazaqstan" телеарнасы хабарлағандай, үш жылдық жобаға ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банк 22 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлді. Бұл қаржының бәрі Халықаралық қаржы институтынан бөлінді. Биыл алты өңірдің жастарына гранттар бөлінетін жоба жұмысының соңғы кезеңі. Бұл – Астана, Алматы, сондай-ақ, Ақмола, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстары.
Алдыңғы екі жылда тегін гранттар басқа екі өңірдің тұрғындарына бөлінген. Гранттарды бөлу ережелеріне сай, өтініш беруші мүдделес адамдардан құралған топ (үш адамнан кем емес) құруы тиіс.
Жеңімпазға 1 миллион теңгеден бөлек, 6 ай көлемінде 60 мың теңгелік шәкіртақы беріледі. Осыдан кейін автордың ойға алған жобасы өзін ақтауы керек.
Гранттарды бөлу бойынша конкурс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде қатысушылар бизнес-жоспарды құрып, Zhasproject.kz сайтына жіберуі қажет.
Екінші кезеңде өтініштер құрамына ҚР БҒМ өкілдері, «Атамекен» ҰКП және т.б. кіретін комиссияның қарауына жіберіледі. Оның үстіне, комиссия отырысы онлайн түрде өтіп, қатысушылар жайлы деректер көрінбейді.
Үшінші кезеңде жеңімпаздарды сандар генерациясының (әлеуетті жеңімпаздарды кездейсоқ таңдау) көмегімен анықтайды. Оған қоса, әлеуметтік маңызы бар жобалар басты назарға алынады. Құжаттарды қабылдау уақыты – Zhasproject.kz сайтында биылғы жылғы наурыздың аяғы – сәуірдің басы.
Дереккөз: bnews.kz
Фото: 365.инфо