Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы және «Kazakhmys» корпорациясы «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балаларға арналған сурет байқауының басталғанын хабарлайды.Байқауға еліміздің барлық мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың еңбекке және жұмысшы мамандығындағы адамдарға деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашу. Әсіресе, бала туындысында өндірістік мамандықтарға ерекше назар аударылуы тиіс.Қатысу шарттары қарапайым:жұмысшы мамандығының кейіпкерін салусуреттерді Instagram-ға #ЖанымыздаБатырлар және #ЖұмысшыМамандықтарыЖылы хэштегтерімен жариялау@kazakhmys.news және @rumcdo_official аккаунттарын белгілеуөтінішті konkurs_parlament@mail.ru поштасына жіберуӘр орынға бағалы сыйлықтар қарастырылған, ал үздік 10 жұмыс қала көшелерінде билбордтарға ілінеді.Қорытынды 19 маусымда www.ziyatker.org сайтында жарияланады.
Республикалық «Жанымызда батырлар – еңбек адамдары» балалардың сурет байқауы басталды

203
0
0
01.06.2025
Бастапқы дереккөзге сілтеме:
ҚР БжҒМ