ШҚО-да оқушылар Өлкетану курсын оқитын болады

ШҚО-да оқушылар Өлкетану курсын оқитын болады

Биыл үшінші тоқсаннан бастап мектеп бағдарламасына өлкетану курсы енгізіледі.

Қазір әр өңірдің тарихи және географиялық ерекшелігі топтастырылған оқулық дайын болды. Оны жоғары оқу орындарының оқытушылары сол аймаққа қатысты тарихи деректер бойынша жазып шықты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің мұғалімдері Өлкетану оқулығын жазуға бір жылдан астам уақыт жұмсапты. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  дайындалған туынды 20 тараудан тұрады. Онда өңірдің табиғи ерекшелігі мен тарихи ескерткіштері және жер байлығы туралы танымдық ақпарат бірге топтастырылған. Осы өлкеде туған дала даналары мен өнер адамдары, аңыз-әңгімелер де қамтылған. Оқулық ғылыми кеңестің талқысы мен қоғамдық сараптамадан өткен.

Жанна Әубәкірова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Ол жеке пән емес. Өлкетану – интегративтік курс. Осы оқулықтың ішінде 4 пәннің мәліметі кірді. Олар: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті, География және Музыка. Апробациядан өткеннен кейін берілген нұсқаулықтарды ескереміз. Мына оқулықтың ішіне енгіземіз.

Дереккөз: 24.kz