«Симулятор жасап көр» байқауы жеңімпазының жұмысы bilimland.kz сайтында

«Симулятор жасап көр» байқауы жеңімпазының жұмысы bilimland.kz сайтында

Биыл Bilim Media Group және Phet Simulation (University of Colorado Boulder) компаниялары бірлесе отырып, оқушыларға арналған «Симулятор жасап көр» байқауын ұйымдастырған болатын. Байқау талабы бойынша оқушы электронды жаттықтырғыштың жасалу жолы мұқият түсіндірілген материал жолдайды, ал біздің мамандар ең үздік жұмыс бойынша электронды жаттықтырғыш құрап шығарады.

Сонымен, байқау қорытындысы бойынша «Ле Шателье принципі» тақырыбында үздік жұмыс жолдаған оқушы Жәнібеков Ринат жеңімпаз болып анықталды.

Симулятор Ле Шателье принципінің жүзеге асырылуын аммиакты синтездеу реакциясы негізінде көрсетеді. Жүйедегі тепе-теңдіктің ығысуына заттар мен өнімдердің концентрацияларының, қысымның (газдар үшін) және температураның өзгеруі әсер етеді. Тепе-теңдік күйге келген жүйеде тура және кері реакциялардың жылдамдықтары бірдей болады. Жүйедегі азот немесе сутектің концентрациясын арттырғанда Ле Шателье принципі бойынша тепе-теңдік олардың концентрациясын кемітетін, яғни аммиак түзілетін бағытқа қарай ығысады. Керісінше, жүйедегі аммиак концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік аммиактың концентрациясын азайтатын, яғни сутек пен азот түзілетін реакция бағытына қарай ығысады.

Симулятор балаларға тақырыпты меңгеруде үлкен көмек көрсетеді деп сенеміз. Себебі дәл осындай сеніммен біздің мамандар бұл симуляторды құрап шығарды. Біздің ұжым талабы мен таланты бар балаларға қолдау көрсетуге қашанда дайын!

17Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
kurmantaev18.52
kurmantaev18.52
1 желтоқсан 2018 ж. 18:59
керемет ,тек алға
zhmb.632
zhmb.632
21 қараша 2018 ж. 17:47
Сіздердің жұмыстарыңызға үлкен шығармашылық табыстар тілеймін.
Камшат Мырзахатова
Камшат Мырзахатова
13 қараша 2018 ж. 18:27
keremet
Лаззат Арыстанова
Лаззат Арыстанова
25 қазан 2018 ж. 22:18
Жарайсыңдар, керемет!
syrym.19
syrym.19
21 маусым 2018 ж. 12:25
keremet
Акимова Гулчухра
Акимова Гулчухра
21 мамыр 2018 ж. 10:12
Ұнады.
Арген Туребаев
Арген Туребаев
20 мамыр 2018 ж. 13:01
Жақсы.
Назигуль Абдикеримова
Назигуль Абдикеримова
1 мамыр 2018 ж. 20:19
Маған ұнады.
kokshetau15.20
kokshetau15.20
1 мамыр 2018 ж. 18:16
Керемет!