Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды – Оқу-ағарту министрлігі

Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды – Оқу-ағарту министрлігі

Бүгінде елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде.

«Соңғы жеті жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1 483 бірлікке ұлғайды. Инфрақұрылымды кеңейту жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы ұйымдарды реконструкциялау және олардың қуаттылығын арттыру, сондай-ақ жаңа мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар ашу есебінен жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ