2021 жылғы 6 мамырда, сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша), барлық педагогті «Ұстаздан лайфхак: оқушыларға iTest-ті қолданып ҰБТ-дан жоғары балл алуға қалай көмектесуге болады?» тақырыбына арналған вебинарға қатысуға шақырамыз.
Вебинарды математика пәнінің мұғалімі Маханбетжанова Жанар Нұрмахановна (Қызылорда қаласы Ә. Молдағұлова атындағы № 173 орта мектебі) өткізеді.
Вебинарда спикер оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ iTest платформасын пайдаланып, ҰБТ-ға онлайн дайындаудың тиімді әдістері туралы айтады.
Вебинарға қатысу тегін.
Вебинарға қосылу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: