Құрметті «BilimClass Супер сыныбы» байқауына қатысушылар!
30 мамыр күні байқау жеңімпаздары ереже бойынша – рандомайзер көмегімен анықталды.
Жеңімпаздар тізімін мына сілтемеден көре аласыз: Сілтеме.
BilimClass платформасын және қосымша цифрлық білім ресурстарын қолдануға арналған бұл байқауға белсенді қатысқандарыңыз үшін әрқайсыңызға алғысымызды білдіреміз.
«BilimClass жаңашыл мұғалімі» номинациясына ұсынылған бейнематериалдарыңыздағы креативтілік, белсенділік және педагогикалық шеберлік бізді шын жүректен таңғалдырды.
Сараптамалық қазылар алқасынан қосымша марапаттау!
Ұсынылған жұмыстардың жоғары сапасына байланысты BilimClass командасы сарапшылар бағасына сүйене отырып, қосымша марапаттау кезеңін өткізуді ұйғарды.
Қосымша марапат жұмыстың сапасына қарай беріледі – яғни, материалдың қаншалықты пайдалы, қызықты түрде ұсынылғаны және цифрлық ресурстардың қаншалықты шығармашылықпен қолданылғаны ескеріледі.
Жеңімпаздарды жариялау:
2025 жылғы 11 маусым күні сағат 16:00-де BilimClass -тың YouTube арнасында тікелей эфир өтеді.
Эфир барысында қосымша марапаттау кезеңінің жеңімпаздары жарияланатын болады.
Кімдер бағалайды?
Жеңімпаздарды әділ таңдау мақсатында мына құрамнан тұратын сараптамалық комиссия құрылды:
• BilimLand, BilimUstaz платформаларының және Ресурстық орталықтың әдіскерлері
• BilimClass жобасының командасы
Сондай-ақ, BilimClass платформасына қатысты жаңалықтардан хабардар болу үшін келесі әрекеттерді орындауыңызды сұраймыз:
• Instagram парақшамызға жазылыңыз: @bilimclass.kz.
• Жариялаған бейнематериалыңызда біздің парақшаны белгілеп өтіңіз.
Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқан қатысушылар үшін арнайы сертификаттар дайындадық!
1. «BilimClass жаңашыл мұғалімі» номинациясы бойынша қатысушыларға сертификаттар
Сертификатты алу үшін келесі ақпаратты мына электронды поштаға жіберіңіз: support@bilimland.com
• Сіздің видеоңыздың сілтемесі
• Видео авторының толық аты-жөні
• Байланыс нөмірі
Жоғарыда көрсетілген деректер келген электрондық пошта мекенжайына сіздің байқауға қатысқаныңызды растайтын сертификат, сондай-ақ егер сіз байқау жеңімпазы болсаңыз – диплом жіберіледі.
2. «BilimClass сынып жетекшісі» номинациясы бойынша қатысушыларға сертификаттар
Байқау талаптарын орындаған – яғни, сыныбының кемінде 60% оқушысына Freedom Bank-тің Power Card бонус картасын белсендірген сынып жетекшілерге де сертификаттар беріледі. Біз сізбен байланысып, жақын арада сертификаттарды жолдаймыз.
Сізге алғысымызды білдіреміз!
Сіздің белсенділігіңіз Қазақстандағы цифрлық білім беруді дамытуға шабыт береді және жаңа серпін сыйлайды.